13 желтоқсан - ҚАЖ қызметкерлері күні

13 желтоқсан - ҚАЖ қызметкерлері күні

20.12.2025 10:51:55 194

Астанада Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2025 жылғы 15 желтоқсан күні Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде (ҚАЖД) Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қылмыстық-атқару жүйесінде адал қызмет етіп жүрген қызметкерлердің еңбегін атап өту, олардың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігін жоғары бағалау. Салтанатты жиын барысында сала ардагерлері мен үздік қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген мамандар марапатталды.

Шара аясында ҚАЖ қызметкерлерінің құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, заңдылық пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға қосып отырған үлесі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, ұжымның кәсіби бірлігі мен қызметтік дәстүрлерінің маңыздылығына назар аударылды. Салтанатты іс-шара мерекелік көңіл күйде өтіп, қатысушыларға рухани серпіліс пен жаңа кәсіби жетістіктерге ынта сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1129384?lang=kk