«Мойылды-Байқоңыр» АҚ сүт-тауарлы фермасының ашылуы
22.12.2025 15:00:37 144
20 желтоқсанда «Мойылды-Байқоңыр» ЖШС инвестициялық жобасы аясында салынған сыйымдылығы 1075 бас сүтті сиырға арналған сүт- тауарлы фермасының салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі В. Бердалин және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж. Дайрабаев қатысты.
Өңір басшысы мен құрметті қонақтарды нысанмен «ВостокАгроХолдинг» ЖШС директоры Е. Нұрбаев таныстырды.
Заманауи сүт фермасын салу жобасын «Мойылды-Байқоңыр» ЖШС жүзеге асырды және аймақтағы ең ірі агроөнеркәсіптік нысандардың бірі болып табылады. Құрылыс 2024 жылдың сәуір айында басталып, 2025 жылғы қарашада аяқталды. Жобаның бас мердігері «ВостокАгроХолдинг» ЖШС.
Жоба бюджеттік қаражаттар есебінен үш траншпен қаржыландырылды. Қаражат заманауи Rota Guido жемшөп жинау және өңдеу жабдықтарын сатып алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және голштин асыл тұқымды ірі қара малын сатып алуға жұмсалды.
Жаңа сүт фермасы жылына 6 мың тоннаға дейін сүт өндіруге арналған. Нысан іске қосылғаннан кейін жоғары сапалы сүт өнімдерін өндіруді арттырады, жаңа жұмыс орындарын ашады және Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы саласының дамуына айтарлықтай үлес қосады.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Н. Сақтағанов ауылдық жерлерді дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін жақсартуға және заманауи мал шаруашылығы технологияларын енгізуге бағытталған осындай инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі А. Бердалин мемлекет агроөнеркәсіптік кешендегі заманауи технологияларды енгізуге және отандық мал шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған инвестициялық бастамаларды қолдауды жалғастыратынын атап өтті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Дайрабаев мұндай жобаларды іске асыру ауылдық жерлерді тұрақты дамытуға, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететініне тоқталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-chapaev/press/news/details/1129846?lang=kk