Бақылау-касса машиналарын (БКМ) пайдалану бойынша жаңа талаптар және жұмыс істеуге арналған қолжетімді тегін құралдар туралы

Бақылау-касса машиналарын (БКМ) пайдалану бойынша жаңа талаптар және жұмыс істеуге арналған қолжетімді тегін құралдар туралы

22.12.2025 16:40:54 234

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті шағын бизнесті қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктер тарапынан БКМ-мен біріктірілген POS-терминалдарды тегін ұсыну мәселесі шешілгенін хабарлайды. Бұл стационарлық POS-терминалдар немесе телефонға орнатылатын мобильді POS-қосымшалар болуы мүмкін.

 

Кәсіпкерлер үшін қазірдің өзінде не қолжетімді?

 

- Kaspi Bank пен Қазақстан Халық Банкінің POS-терминалдары толыққанды БКМ ретінде жұмыс істейді және штрих-кодтарды сканерлеу функциясымен жабдықталған.

- Жақын арада осындай функциялар Freedom Bank Kazakhstan және Банк ЦентрКредиттің POS-терминалдарында да іске қосылады.

Осылайша, мемлекеттік кірістер органдары фискалдық деректер операторларымен (ФДО), банктермен және кассалық техника өндірушілерімен бірлесіп, сауда үшін ыңғайлы және автоматтандырылған шешімдерді қалыптастыруда.

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 626 бұйрығының жаңартылған талаптары күшіне енеді.

 

ФДО міндеттеріне мыналар жатады:

Ел аумағы бойынша ФДО қызметтерін көрсету.

Есеп айырысулар туралы деректерді мемлекеттік кірістер органдарға жедел түрде беру.

Ұлттық тауарлар каталогын (ҰТК) пайдалану бойынша сервистерді өз порталдарында орналастыру.

БКМ геолокациялық деректерін мемлекеттік кірістер органдарына беру.

БКМ-ден келіп түсетін деректерге күн сайын мониторинг жүргізу.

 

БКМ өндірушілерінің міндеттеріне мыналар жатады:

Чек форматын жаңарту: енді чекте ҰТК сәйкес тауарлар мен қызметтердің атаулары міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Чекті жою функциясын алып тастау - барлық түзетулер тек қайтару чегін ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.

Аталған өзгерістер тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, бизнестің ашықтығын арттыруға, адал бәсекелестікті дамытуға және көлеңкелі айналымды қысқартуға бағытталған.

 

Кәсіпкерлерден талап етіледі:

БКМ-ді жаңарту

- Барлық бағдарламалық кассалар 2.0.3 хаттамасына автоматты түрде жаңартылған.

- Стационарлық БКМ-нің (Меркурий, Миника, Порт) иелеріне жаңарту үшін техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.

 

Чекте тауар атауларын көрсету тәртібі?

Ол үшін штрих-код сканерін пайдалану қажет:

- POS-терминалға кіріктірілген сканер;

- мобильді БКМ пайдаланылған жағдайда телефон камерасы;

- стационарлық кассаға арналған жеке сканер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1130000?lang=kk