Грузияға келетін туристер үшін міндетті медициналық сақтандырудың жаңа талаптары

Грузияға келетін туристер үшін міндетті медициналық сақтандырудың жаңа талаптары

22.12.2025 20:00:40 176

Грузияның «Туризм туралы» Заңына сәйкес, Грузияға келетін барлық туристердің жазатайым оқиғалардан медициналық сақтандыру полисі болуы міндетті. Осыған байланысты, Грузия Үкіметінің «Грузияға келетін туристерге арналған жазатайым оқиғалардан міндетті медициналық сақтандырудың ережелері мен шарттарын бекіту туралы» тиісті қаулысы қабылданады деп күтілуде.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Грузия аумағына келетін кез келген турист жазатайым оқиғалардан медициналық сақтандырудың қолданыстағы полисіне ие болуы тиіс. Сақтандыру полисi қағаз немесе электронды түрде берiлуге және грузин немесе ағылшын тiлiнде жасалуға тиiс.

Сақтандыру полисiн грузиялық та, шетелдiк те сақтандыру компаниясы беруi мүмкiн, ал сақтандыру өтемiнiң сомасы кемiнде 30 000 GEL құрауы тиiс.

Сақтандыру полисінде келесі міндетті ақпарат болуы тиіс:

  • Сақтандыру шартының тараптары;
  • Сақтандыру аумағы;
  • Сақтандыру мәні;
  • Сақтандыру өтемінің қолданылуы басталған және аяқталған күндер;
  • Сақтандыру тәуекелдері;
  • Сақтандыру өтемінің сомасы;
  • Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері;
  • Төлем орны мен шарттары.

Сақтандыру полисі туристің Грузияда болған барлық кезеңін, оның ішінде келген және кеткен күндерін жабуға тиіс екеніне назар аударыңыз.

Ескертпе: «Туризм туралы» Грузия Заңына сәйкес турист, баратын елінде орналасқан мекемеде жұмыс істеуді қоспағанда, іспен, демалу үшін немесе өзге де жеке мақсаттарда, кем дегенде бір түнеумен және бір жылдан аспайтын мерзімге саяхаттайтын болып белгіленеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1130244?lang=kk