«Кеден» ақпараттық жүйесіндегі «Тауарларға декларация» модулін сынақтан өткізу

«Кеден» ақпараттық жүйесіндегі «Тауарларға декларация» модулін сынақтан өткізу

23.12.2025 17:30:34 93

2025 жылдың 23 желтоқсанында «Өскемен-КРО» кеден бекетінде Кеден ақпараттық жүйесінде «Тауар декларациясы» модулін енгізу және сынақтан өткізу бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Өзгерістер кедендік рәсімдерді автоматтандыруды және жеңілдетуді, сондай-ақ қағаз құжаттарды цифрландыруды көздейді. Атап айтқанда, декларанттарға жіберілетін барлық сұраныс түрлері, тауарлар декларацияларына өзгерістер енгізу туралы сұраныс/шешім нысаны (бұдан әрі - ТД), ТД түзету нысаны және басқа да процестер автоматтандырылды.

«Тауар декларациясы» модулін іске қосудың жоспарланған күні 2026 жылдың қаңтар айының екінші онкүндігіне жоспарланған. Іске қосу ұсынылған ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып жүзеге асырылады.

Іс-шара жұртшылықты Кеден ақпараттық жүйесіндегі жаңа «Тауар декларациясы» модулімен таныстыру және оны жаңа жүйеде толтыруға байланысты проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел отырысына сыртқы саудаға қатысушылардың өкілі болып табылатын кеден өкілдері мен декларанттар қатысты. Кездесу барысында кеден қызметкерлері жаңа жүйеде тауарлар декларацияларын толтыру және тапсыру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа Кеден ақпараттық жүйесінде модулін сынақтан өткізу кезінде туындаған кез келген мәселелерді талқылап, сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1130896?lang=kk