Халықаралық ашық судағы жүзу жарысы X-Waters Kazakhstan 2025
26.12.2025 11:50:49 228
2025 жылғы 9–10 тамызда Бурабай курорттық аймағында жаһандық X-WATERS сериясына кіретін ауқымды халықаралық ашық судағы жүзу жарысы X-WATERS KAZAKHSTAN 2025 өтті. Іс-шараның негізгі алаңы Wyndham Garden Burabay болды.
Жарыс Қазақстанның ең көркем өңірлерінің бірінде өтіп, 1000-нан астам қатысушыны және 2000-нан аса көрерменді жинады. Спортшылар географиясы Қазақстанның 30-дан астам қаласын қамтыды — Астана мен Алматыдан бастап Атырау мен Қостанайға дейін. Сонымен қатар, жарысқа Бельгия, Ұлыбритания, Беларусь, Өзбекстан, Ресей, Испания, АҚШ және басқа да елдерден жүзушілер қатысты.
Қатысушылардың жасы 7-ден 70+ жасқа дейін болды, олардың қатарында жаңадан бастаушылар да, тәжірибелі спорт шеберлері де бар. Жүлде қоры 2,5 млн теңгені құрады.
Жеңімпаздар жас ерекшеліктері бойынша марапатталды, ал «Мастерс» санатындағы спортшылар ресми спорттық разрядтар алу мүмкіндігіне ие болды. Ең үздік жүзушілер халықаралық X-WATERS TOP-100 рейтингіне енді.
Бұл іс-шара бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, спорттық туризмді ілгерілетуге және Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға маңызды үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1133050?lang=kk