Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған негізгі мәселелер қаралды.

Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған негізгі мәселелер қаралды.

26.12.2025 16:50:45 174

Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған негізгі мәселелер қаралды.

Әлеуметтік басым бағытты және қаражатты тиімді пайдалануды ескере отырып әзірленген, Өскемен қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне ерекше назар аударылды.

Негізгі шығыстар қаланы абаттандыру мен көгалдандыруды, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруды, автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен жөндеуді, тротуарлар салуды, қала көшелерін көгалдандыруды, саябақтар мен скверлерді күтіп ұстауды, әлеуметтік маңызы бар қалалық маршруттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауды қоса алғанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға бағытталатын болады.

Сондай-ақ, қаржыландыру халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау саласындағы бағдарламаларды іске асыруға, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек пен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсетуге бағыттау жоспарлануда.

Алдағы жылдарға арналған бюджетте мәдени-бұқаралық, жастар, спорттық, туристік және тілдік іс-шараларды өткізуді қоса алғанда, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік салаларына арналған шығыстар көзделген.

Сонымен қатар, сессияда Өскемен қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары бекітілді, онда нысаналы бағыттар бойынша көрсеткіштер бар, оларды іске асыру қаланың тұрақты дамуын және оның тұрғындарының өмірін жақсартуды қамтамасыз етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1133344?lang=kk