Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңнаманы қолдану мәселелері талқыланды
26.12.2025 19:40:28 242
Ақмола облыстық сотында «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңнаманы қолданудың сот тәжірибесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Шараға облыстық соттың төрағасы Арман Жүкенов, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин, облыс судьялары, банк құрылымдарының және мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдерін қолдану – азаматтар үшін құқықтық алаңда төлем қабілетсіздік жағдайынан шығудың, кредиторлардың талаптарын пропорционалды және кезең-кезеңімен қанағаттандырудың, сондай-ақ мемлекеттегі жанжалдық пен әлеуметтік шиеленісті төмендетудің мүмкіндігі болып табылады.
Кездесу қатысушылары пікір алмасты, жүйелік дерекқорлармен жұмыс істеу, жазбаша сұраулар жолдау, сондай-ақ қаржы басқарушыларының өкілеттіктеріне қатысты туындайтын қиындықтарды талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша, түскен ұсыныстарды ескере отырып, облыстық сот заңнаманы қолдану жөніндегі әзірленген ұсынымдарды әзірлеп, оларды жұмыс барысында қолдану үшін барлық қатысушыларға жолдайтын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1133597?lang=kk