Ақтөбе облысы прокуратурасының 2025 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа мәжілісі

Ақтөбе облысы прокуратурасының 2025 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа мәжілісі

27.12.2025 08:01:54 179

Облыс прокуроры Марат Әбішевтің төрағалығымен прокуратура алқасының отырысы өтіп, онда прокуратура органдарының 2025 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылды.

Мәжілісті аша отырып, облыс прокуроры облыс прокуратурасының жүйелі жұмысы Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларын тиімді орындауға бағытталғанын атап өтті.

Прокуратура органдарының жүйесінде қадағалаудың тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық трансформация жүріп жатыр.

Жиын барысында облыс прокурорының орынбасарлары, қала және аудан прокурорларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының есептері тыңдалды.

Қадағалау, құқық қорғау және үйлестіру жұмыстарының негізгі нәтижелері талқыланды.

Азаматтардың құқықтарын қорғау, қылмыспен күрес және әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың жүйелі профилактикасы мен құқықтық тәртіпті нығайтудың негізі ретінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Есепті кезеңде қабылданған шаралардың арқасында тіркелген қылмыстар санының 7%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.

Прокуратураның үйлестіруімен есірткі зертханалары мен есірткі дүкені жойылып, 76 кг синтетикалық зат тәркіленді.

Облыс прокуроры қала және аудан прокурорларына қылмысты азайтуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру туралы тапсырмалар берді.

Бұл ретте қала және аудан прокурорлары конституциялық құқықтарды қорғауға, есірткі бизнесі мен алаяқтыққа қарсы іс-қимылға, жасөспірімдер қылмысының алдын алуға бағытталды.

Қазіргі кезде әкімдікпен бірлесіп ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған екі жоба іске асырылуда.

Өзге өңірлердің тәжірибесін ескере отырып, жаңа «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Заңды іске асыруға, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге баса назар аударылды.

Жалпы алғанда, облыс прокуратурасының үйлестіруімен қадағалаудың негізгі бағыты бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік сатып алу процедураларының заңдылығына, салық төлеуден жалтару фактілеріне жол бермеуге, барлық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1133608?lang=kk