«Жаңа жылдық ғажайып: музей-қорықтың қор коллекциясындағы жаңа жылдық ойыншықтар құпиясы» әлеуметтік қайырымдылық іс-шарасы
14.01.2026 15:20:55 108
ШҚО музей-қорығында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Өскемен қаласы білім бөлімінің «Негізгі орта мектеп-интернаты» КММ оқушыларына арналған «Жаңа жылдық ғажайып: музей-қорықтың қор коллекциясындағы жаңа жылдық ойыншықтар құпиясы» атты әлеуметтік қайырымдылық іс-шара өтті. Іс-шара барысында балалар ХХ ғасырдың 1920-1980 жылдары аралығында жасалған шырша ойыншықтарының пайда болу тарихымен, олардың дизайнының, пішіні мен материалдарының қалай өзгергенімен музей-қорықтың бай қор коллекциясы негізінде танысты. Музей экспонаттары ерекше қызығушылық тудырды: 1930 жылдардағы ағаш үгіндісінен жасалған Аяз ата, 1940 жылдардың соңындағы қалың шыныдан жасалған салмақты әшекейлер, 1950 жылдардағы қыстырғышты ойыншықтар, 1960 жылдары кең таралған пластик ойыншықтар. Балалар шыршаны безендіру бойынша көңілді сайыстарға қатысып, хоровод биледі. Кездесу жылы да мерекелік атмосферада өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1141127?lang=kk