Қолжазбалардан цифрлық архивтерге дейін: Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары

Қолжазбалардан цифрлық архивтерге дейін: Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары

16.01.2026 17:40:44 230

Абу Даби, 2026 жылғы 16 қаңтар – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Р.Жұмабек БАӘ Ұлттық кітапханасы және архивтерінің Бас директоры Абдалла Мажид Әл Алимен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан дипломаты екі мемлекеттің кітапханалары мен архивтері арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелеріне назар аударып, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы іске асырудың маңыздылығын айтты.

Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндігі талқыланды. Осы ретте, Әмірліктер тарапы ҚР мен БАӘ кітапханалары арасында елдердің мәдени, әдеби бұрыштарын ашу, екі мемлекеттің архивтерінде сақталған Ислам дініне қатысты көне қолжазбалар мен кітаптарды цифрландыру, сондай-ақ, саясат, экономика, әдебиет және салт-дәстүр жөніндегі таңдамалы кітаптарды араб және қазақ тілдеріне аудару бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайындығын мәлімдеді.

Кездесу соңында Қазақстан Елшісі 2026 жылғы 8-12 маусымда Астана қаласында «Digital Archive EXPO» тақырыбында өтетін архившілердің
III халықаралық конгресіне шақыруды табыс етті. Өз кезегінде Бас директор Абдалла Мажид Әл Али аталған іс-шараға қатысатынын растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1142803?lang=kk