Шықпалы сервистік қызмет көрсету топтары

Шықпалы сервистік қызмет көрсету топтары

19.01.2026 17:00:29 164

Мемлекеттік кірістер органының қызмет көрсету тобы туралы  ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің No 645 бұйрығымен бекітілген.

Осыған сәйкес қызмет көрсету тобы – мемлекеттік қызмет көрсетуді және салық төлеушілерге ақпараттық-түсіндіру қолдауын, оның ішінде жеке салық есептілігін толтыруға және тапсыруға жәрдемдесетін мемлекеттік кірістер органдарының екі қызметкерінен кем емес мобильді топ.

Салық төлеушілердің жеке санатына мыналар жатады:

  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер;
  • 2 (екі) айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдар;
  • сыртқы күтім мен көмекті қажет ететін сексен жастан асқан қарт адамдар;
  • жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар.

Топ апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін шығады.

Сервистік топтың шығуына өтінім беру үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.
Мамандар салық төлеушілердің құқықтарын түсіндіреді, декларацияларды дұрыс толтыруға көмектеседі және құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде қабылдайды.
Құжаттарды қабылдау салық төлеушінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте сервистік топ:
• жеке басын куәландыратын құжат бойынша деректерді тексереді;
• құжаттардың дұрыс толтырылуын қарайды;
•  қабылданғаны туралы белгі қояды.

Азаматтардың барлық дербес деректері заңмен қорғалады және жария етілмейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1143739?lang=kk