Цифрландыру және жұмысты оңтайландыру мәселелері талқыланды

Цифрландыру және жұмысты оңтайландыру мәселелері талқыланды

21.01.2026 12:40:24 122

Цифрландыру және жұмысты оңтайландыру мәселелері талқыланды

 

Қала әкімі аппаратының басшысы Мекен Уйсенов ауыл әкімдері мен мемлекеттік мекеме басшыларымен жиналыс өткізді. Жиын барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік басқару жүйесіне IT-технологияларды, цифрландыруды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін кезең-кезеңімен енгізу мәселелері талқыланды.

Мекен Уйсенов қызмет көрсету сапасын арттыру, басқару үдерістерін жеңілдету және адами факторды барынша азайту үшін заманауи цифрлық шешімдерді жұмыс тәртібіне енгізудің маңыздылығына тоқталды. Бұл бағытта құжат айналымын автоматтандыру, деректерді талдау құралдарын пайдалану және ішкі процестерді цифрлық форматқа көшіру қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ, жиналыста жұмысты оңтайландыру (оптимизация) мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қайталанатын функцияларды қысқарту, артық есептілікті азайту және уақытты үнемдеуге бағытталған тиімді басқару тетіктерін қолдану арқылы қызмет сапасын төмендетпей, керісінше, нәтижелілікті арттыру қажеттігі айтылды.

Аппарат басшысы ауыл әкімдері мен мекеме басшыларына өз салалары бойынша цифрландыру мен оңтайландыруға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеп, енгізуді тапсырды. Бұл ұсыныстар күнделікті жұмысты жеңілдетіп қана қоймай, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Жиын қорытындысында аталған бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізу және енгізілетін жаңашылдықтардың нақты нәтижеге бағытталуы қажеттігі айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1145054?lang=kk