Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі А.Сейтақынов Моңғолия Ғылым академиясының Президенті С.Дәмбэрэлмен кездесуі туралы

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі А.Сейтақынов Моңғолия Ғылым академиясының Президенті С.Дәмбэрэлмен кездесуі туралы

21.01.2026 16:50:39 139

Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 20 қаңтар – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі А.Сейтақынов Моңғолия Ғылым академиясының Президенті С.Дэмбэрэлмен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тарих, археология және климаттың өзгеруі бағыттары бойынша бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру, ғалымдар мен зерттеушілер алмасуын ұйымдастыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты қолдау мәселелеріне назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1145287?lang=kk