Мажарстандық талдау орталықтармен байланыстар нығая түсуде
22.01.2026 15:01:12 243
Будапешт, 2026 жылғы 20 қаңтар - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы «John von Neumann University» Еуразиялық талдау орталығының директоры Хорват Левентемен және «Eurasia magazine» журналының бас редакторы Марианн Оримен кездесті.
Елші, сұхбат басында сарапшыларды қазақ-мажар байланыстарында өткен жылы орын алған маңызды іс-шаралар мен қол жеткізілген жетістіктер туралы хабардар етіп, алдағы екі ел қатынастарының маңызды оқиғаларымен бөлісті.
Қазақ дипломаты, сұхбаттастарын сонымен қатар жыл басында «Түркістан» газетінде шыққан Мемлекет басшысының Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатын, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани бағыттарына бағдар беретін мақаласының негізгі тұстарымен таныстырды.
Кездесу аясында, кеше ғана Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда көтерілген, Қазақстанның саяси өмірі үшін маңызды реформалық ұсыныстарды талқылауға мүмкіндік туды.
Х.Левенте өз кезегінде, мажар сарапшылар ортасы үшін Орталық Азиядағы көшбасшы ел Қазақстанның маңызы зор екенін айтып, елімізде өтіп жатқан саяси-экономикалық реформалардың өзектілігіне назар аударды.
Кездесу соңында, Елшіліктің кітапханасына Еуразиялық талдау орталығы басып шығарған «Шығысқа ашылу бағдарламасына 15-жыл» атты кітап табыс етілді.
Айта кетері, 2010 ж. мажар үкіметі тарапынан қабылданған «Шығысқа ашылу» бағдарламасы Таяу және Қиыр Шығыс, Орталық Азия елдерімен саяси-экономикалық қатынастарды жандандыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1145877?lang=kk