Әуежай шағын ауданындағы «Тарелочка» көлін тазарту жұмыстары жүргізілуде

Әуежай шағын ауданындағы «Тарелочка» көлін тазарту жұмыстары жүргізілуде

22.01.2026 18:00:35 214

«Әуежай» шағын ауданында орналасқан «Тарелочка» көлін тазарту жұмыстарының барысына инспекциялық тексеріс жүргізілді.

Аталған аумақтағы демалыс аймағы 2017 жылы абаттандырылғанымен, су қоймасын тазарту жұмыстары бастапқы жобаға енгізілмеген. Осыған байланысты көлдің жай-күйі жөніндегі мәселе шағын аудан тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген.

2023 және 2024 жылдары Табиғи ресурстар басқармасы көлді тазарту бойынша конкурстар өткізгенімен, мердігер ұйымдар өз міндеттемелерін орындай алмаған. Осыған орай, ағымдағы жылдың басында көлді тазарту және тереңдету жұмыстарын бастау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі таңда тазалау жұмыстары 4,3 гектар аумақта жүргізілуде. Көл периметрі бойынша өсінділер кесіліп, тұнба шөгінділері шығарылуда. Сонымен қатар, көлді толтыру үшін еріген суларды беру мәселесі пысықталуда.

Жобаны жергілікті мердігер ұйым жүзеге асыруда. Жұмыстар Әуежай шағын ауданында қызмет атқаратын кәсіпкердің қолдауымен тартылған қаражат есебінен орындалуда.

Жұмыстарды аяқтау мерзімі — 2026 жылғы 1 маусым.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1146211?lang=kk