Қазақстанның Елшісі Балқан бизнесінің өкілдерімен кездесті
23.01.2026 08:40:47 279
Скопье, 2026 жылғы 14 қаңтар – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Азиямен ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық экономикалық альянстың басшылығымен кездесті.
Елші Бұршақов Балқан бизнесінің (Солтүстік Македония, Сербия, Босния және Герцеговина) өкілдерін Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарымен, еліміздің сауда-экономикалық әлеуетімен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтарда Қазақ баспасөз беттерінде жарияланған сұхбатының негізгі мазмұнымен таныстырды.
Іскерлік байланыстарды кеңейту, агросекторда, қызмет көрсету, туризм, су үнемдеу және т.б. салаларда өзара сауданы жандандыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Пікір алмасу барысында өңірдің іскерлік ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында Елшілік 2026 жылы Қазақстанда өткізуі жоспарланған көрмелер мен бизнес-конференциялардың тізбесін, сондай-ақ Македония нарығында Қазақ экспортын ілгерілету жөніндегі ақпарат берді.
Кездесу Македонияның Шетелдік инвестициялар және экспортты ілгерілету агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1146362?lang=kk