Агенттік 2025 жылғы тұрақты AQR нәтижелерін ұсынды
02.02.2026 15:51:53 304
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) 2025 жылғы Банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау (Asset Quality Review, AQR) нәтижелері бойынша есепті жариялады. Есепте тұрақты AQR нәтижелеріне негізделген несиелік тәуекелдің ағымдағы деңгейіне егжей-тегжейлі талдау берілген.
2025 жылы Агенттік 1 қаңтар 2025 жылы жағдай бойынша банк жүйесінің активтері 86%-ды құраған 11 ірі банктің арасында тұрақты AQR өткізді. Бағалау көлемі 32,8 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,7%-ға артық. Берешектің негізгі бөлігі кепілсіз тұтынушылық қарыздарға (11 трлн теңге), сондай-ақ ірі бизнеске (4,7 трлн теңге), шағын бизнеске (4,5 трлн теңге) және инвестициялық жобалардың (3,6 трлн теңге) қарыз портфельдеріне тиесілі.
Жеке негізінде 1 299 ірі қарыз алушы, сондай-ақ, 580 қосалқы қарыз алушы мен кепілгер бағаланып, жалпы қарызы 9,9 трлн теңгені құрады. Жалпы сомасы 22,9 трлн теңге 37,7 млн қарыз ұжымдық негізде талданды.
Тұрақты AQR нәтижелері сектордың жүйелік деңгейдегі тұрақтылығын растады: 11 банк бойынша капиталдың жеткіліктілік деңгейі 17,7%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтік ең төменгі деңгейден едәуір жоғары.
Банктер мен AQR арасындағы резервтерді бағалаудағы айырмашылық 377,4 млрд теңгені құрады. Екінші сатыдағы берешектер 678,1 млрд теңгеге, 1,4%-дан 3,5%-ға дейін ұлғайды, ал үшінші сатыдағы берешектер 422,4 млрд теңгеге, 7,5%-дан 8,7%-ға дейін ұлғайды.
Осылайша 2024 жылғы тұрақты AQR-мен салыстырғанда бағалаудың нәтижелері жақсарды: банктердің несие портфелі өсуіне қарамастан, резервтер бойынша түзетулер 37,7 млрд теңгеге азайды. Сондай-ақ үшінші сатыдағы берешектер үлесінің 1,1 п.т. төмендеуі байқалады.
2025 жылғы тұрақты AQR қорытындылары бойынша банктердің кредиттік портфелінің сапасы жақсарғаны байқалады, бұл үшінші сатыдағы қарыздардың үлесінің төмендеуімен және қосымша провизиялар көлемінің қысқаруымен көрініс табады. 2024 жылғы AQR-мен салыстырғанда қосымша провизиялардың ең елеулі төмендеуі инвестициялық қарыздар портфелі бойынша тіркелді (61,6 млрд теңгеге), бұл негізінен ұжымдық негізде бағаланатын қарыздар есебінен орын алды. Аталған динамика Агенттіктің LGD параметрлерін есептеу жөніндегі ұсынымдарын енгізумен және портфель бойынша дефолт ықтималдығының (PD) жалпы төмендеуімен байланысты, бұл кредиттік тәуекелдерді бағалау сапасының артқанын растайды.
2025 жылғы тұрақты AQR есебінде портфельдер, бағалау әдістері, экономика салалары және тәуекел көрсеткіштері бойынша егжей-тегжейлі нәтижелер берілген, сондай-ақ, өткен жылғы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда ұсынылған.
Есеп алғаш рет әрбір банк бойынша нәтижелерді қамтитын жеке бөліммен толықтырылды. Деректерді жекелеген банктер бөлінісінде ұсыну қадағалау ақпаратының ашықтығын арттыруға және банк секторындағы кредиттік тәуекел деңгейі туралы неғұрлым толық әрі салыстырмалы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Аталған тәсіл сондай-ақ қадағалау қорытындыларының ашықтығын арттыруға және Агенттіктің нарық қатысушыларымен өзара іс-қимылының сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1152793?lang=kk