Қорытындылар шығарылды, міндеттер айқындалды ...

Қорытындылар шығарылды, міндеттер айқындалды ...

03.02.2026 18:07:02 124

         

Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2025 жылдың  қорытындысы шығарылды.

Департамент қызметінің басым бағыты мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджетке 694 млрд. астам теңге түсті.

             Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде шамамен 18 млрд. тенге қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша қамералдық бақылау -  9 млрд. теңге, жер қойнауын пайданушыларды әкімшілендіру – 5,3  млрд. теңге, салықтық және кедендік тексерулер бойынша – 1,2  млрд. теңге, резидент еместерді әкімшілендіру - 925 млн. теңге, мониторингтегі  салықтөлеушілерді әкімшілендіру –  586 млн. теңге, ЕАЭО шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру – 370 млн. теңге,  кедендік әкімшілендіру – 349 млн. теңге  және басқалар.                Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 15 мыңнан астам тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 75 % жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың  бірінші жартыжылдықта 538 мың    мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,8 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.

Кеңесте салықтық-кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Шараның соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету және тағы да басқалар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1154028?lang=kk