Digital Qazaqstan-ның алғашқы қадамы ретінде индустриялық қуаты мен экономикалық әлеуеті зор маңызды аймақтық орталық — Шымкент қаласы таңдалды.

Digital Qazaqstan-ның алғашқы қадамы ретінде индустриялық қуаты мен экономикалық әлеуеті зор маңызды аймақтық орталық — Шымкент қаласы таңдалды.

05.02.2026 16:13:55 218

Digital Almaty ауқымы кеңейіп, Digital Qazaqstan-ға айналуда. Бұл — бүкіл еліміздің цифрлық бастамаларын бір арнаға тоғыстырып, Қазақстандағы технологиялар, инновациялар мен жасанды интеллекттің дамуына серпін беретін бірегей ұлттық платформа.

Республикалық форматқа өту — цифрлық күн тәртібін кеңейтудің, аймақтарды белсенді түрде тартудың және озық технологиялық шешімдерді нақты экономикаға енгізудің айқын көрінісі. Енді Digital Qazaqstan жыл сайын еліміздің әртүрлі қалаларында өтеді. Бұл бастама жаңа даму бағытын айқындап, өңірлік экожүйелерді нығайтуға, сондай-ақ цифрлық әлем өкілдері арасында білім мен үздік тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Digital Qazaqstan-ның алғашқы қадамы ретінде индустриялық қуаты мен экономикалық әлеуеті зор маңызды аймақтық орталық — Шымкент қаласы таңдалды.

📍 Digital Qazaqstan 2026
🗓 27 марта 2026
📌 Шымкент

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1155621?lang=kk