Өскемен қалалық мәслихатында қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау бойынша тиімді шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, оған қалалық мәслихат депутаттары, құзыретті мемлекеттік органдардың, зооқорғау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қаланың қоғам белсенділері қатысты.
09.02.2026 12:53:05 237
Отырыста қаладағы қараусыз қалған жануарлармен туындаған проблемалық жағдайды шешу бойынша тұрғындардан келіп түскен жолданымдар мен ұсыныстар талқыланды.
Отырыс барысында заңнамаға сәйкес қараусыз қалған жануарлар проблемасын кешенді шешу қажеттігі атап өтілді.
Жұмыс тобының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға келесі ұсынымдар жіберілді:
- қараусыз қалған жануарларды аулау, зарарсыздандыру, сәйкестендіру және уақытша ұстау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шеңберінде шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауды күшейту;
- заңнама талаптарына сәйкес үй жануарларын ұстауды тексеру үшін қаланың жеке секторы бойынша рейдтер жүргізу;
- үй жануарларын жауапкершілікпен ұстау қажеттілігі туралы ақпараттық науқан жүргізу;
- қараусыз қалған жануарларды аулауға, ұстауға, сәйкестендіруге және зарарсыздандыруға қосымша бюджеттік өтінім дайындау.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне үй жануарларын жауапкершілікпен ұстауға қатысты заңдар мен заңға тәуелді актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолданды.
Жұмыс тобы мемлекеттік органдардың, депутаттар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіре отырып, өз қызметін жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1157458?lang=kk