ШҚО кәсіпкерлеріне жаңа Салық кодексінің нормалары түсіндірілді
10.02.2026 10:43:37 219
2026 жылғы 6 ақпанда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, "Зерде" оқу орталығы мен Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінің Бірыңғай операторы өкілдерінің қатысуымен жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған семинар өтті.
Кіріспе сөзімен ШҚО бойынша МКД, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Асхат Жибітаев сөз сөйлеп, қосылған құн салығы бойынша негізгі өзгерістер, оның ішінде ҚҚС мөлшерлемелері, ҚҚС бойынша есепке қою тәртібі, ҚҚС-тың асып түсу сомасын қайтару, сондай-ақ акциздерді әкімшілендіру мәселелері туралы баяндады.
Бірыңғай оператор тарапынан сыра және сыра сусындарын таңбалау жобасының жетекшісі Лейла Мустафина және бас бизнес-талдаушы Галина Гильманова сөз сөйледі.
Семинар барысында спикерлер қатысушыларға сыра және сыра сусындарын міндетті таңбалау саласындағы заңнама талаптарын жеткізіп, таңбалау ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу тәртібін түсіндірді, сондай-ақ бөлшек саудамен айналысатын субъектілерде туындайтын практикалық мәселелерді талқылады.
ШҚО бойынша МКД, Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысушыларды салық заңнамасындағы негізгі өзгерістермен, арнаулы салық режимдерімен және жаңа Салық кодексінің өтпелі ережелерімен таныстырды.
Қазақстан Республикасының 1-санаттағы сертификатталған кәсіби бухгалтері және салық кеңесшісі Гүлнар Галямова арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгіленген режимге көшу тәртібі, сондай-ақ жалпыға бірдей салық салу режимін қолдану кезінде бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу ерекшеліктері туралы айтып өтті.
Іс-шара соңында қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлерден тиісті түсіндірмелер алу мүмкіндігі берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1158062?lang=kk