«Keden» ақпараттық жүйесіндегі тауарларға арналған декларация
16.02.2026 10:54:24 144
Бүгінгі күні «Keden» ақпараттық жүйесінде «Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеуден өткізілуде. Кедендік ресімдеуді оңтайландыру мен автоматтандыру, құжаттарды сандық форматқа көшіруді қарастырылды. Сонымен қатар, декларантқа өтінім жіберу, талап қою, ТД-ға өзгеріс енгізу шешімін жолдау, түзету енгізу нысаны автоматтандырылды.
«Тауарларға арналған декларация» модулі 2026 жылдың 21 ақпанынан бастап іске қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар модульдің іске қосылуы ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып іске асады. Бұл ретте, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларация беру функциясы қолжетімсіз болады.
Құрметті сыртқы экономикалық қатысушылар, Сіздерді, тестілеуге белсене қатысуға шақырамыз.
Өтінім беру мен тестілеуден өткізу кестесі «Keden» ақпараттық жүйесінің порталында жарияланды.
https://test-keden.kgd.gov.kz.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1162204?lang=kk