Өскемен қалалық мәслихатында кезектен тыс сессия өтті

Өскемен қалалық мәслихатында кезектен тыс сессия өтті

16.02.2026 12:52:37 125

Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаланың атқарушы органдарының құрылымын оңтайландыру, атап айтқанда мемлекеттік мекемелер арасында жекелеген функцияларды қайта бөлу, штат санының лимиттерін беру және бірқатар қалалық бөлімдерді қайта ұйымдастыру мәселесі қаралды. Бұл шаралар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт және туризм салаларындағы басқару жүйесінің өкілеттіктерін ретке келтіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған.

Өзгерістер шеңберінде аула және кварталішілік аумақтарды абаттандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі функциялар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен тұрғын үй қатынастары бөліміне берілді. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі өкілеттіктер дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне берілді. Сонымен қатар, дене шынықтыру, спорт және туризм бөліміне қосылу арқылы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қайта құрылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1162387?lang=kk