Қазақстан ЮНЕСКО-да Азия және Тынық мұхит өңірлік тобына төрағалық етуді бастады

Қазақстан ЮНЕСКО-да Азия және Тынық мұхит өңірлік тобына төрағалық етуді бастады

16.02.2026 19:06:15 115

2026 жылы Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі Ұйым аясындағы Азия және Тынық мұхиты (ASPAC) өңірлік тобына төрағалық етеді.

Құрамына 47 мемлекет кіретін ауқымды топтың биылғы алғашқы отырысы 13 ақпанда орын алды.

Отырыстың басында Елші Асқар Абдрахманов топ мүшелері атынан былтырғы төрағалығын аса табысты өткізгені үшін Қытай тарапына алғыс айтты және әріптесі Янг Шиньюдан төрағалықтың белгісін қабылдады.

ASPAC мүшелеріне жоғары сенімдері мен қолдаулары үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстан тарапы осыған орай топтың алдағы жұмыс жоспарларына қатысты бірқатар ұсыныстар енгізді. Кездесуге залда және онлайн тәртіпте қатысқан мүше делегациялар жаңа төрағаны құттықтап, енгізілген ұсыныстарға жалпы қолдау білдірді. Топ төрағасының орынбасары болып Таиланд, ал хатшысы болып Корея Республикасы сайланды. Отырыс барысында топ жұмысының бірқатар ұйымдастырушылық мәселелері қаралды.

Қазақстанның Тұрақты өкілдігі аталған төрағалық барысында ASPAC тобы аясындағы мазмұнды ынтымақтастықты тиімді жалғастыруға барынша мүдделі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1162866?lang=kk