Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен жұмысты жандандыру мәселесін талқылады
17.02.2026 17:35:18 227
Мадрид, 2026 жылғы 17 ақпан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев БҰҰ Туризм ұйымының (ЮНВТО) жаңа Бас хатшысы Шейха Насер Әл Новаиспен кездесу өткізді.
Елші Шейха Әл Новаисті қызметке тағайындалуымен құттықтап, Қазақстанның Ұйыммен белсенді әрі мазмұнды ынтымақтастыққа, оның ішінде ЮНВТО-ның салалық бағдарламалары мен іс-шараларына қатысуға дайын екенін растады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ЮНВТО-мен өзара іс-қимылының алдағы басым бағыттарын, соның ішінде орнықты туризмді дамыту, өңірлік туристік бағыттарды ілгерілету, туристік қызмет көрсету сапасын арттыру және салаға заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс байланыстарын қолдап, ынтымақтастықтың нақты бағыттарын бірлесіп одан әрі пысықтауды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1163615?lang=kk