Исламабадта Қ.А. Ясауи атындағы орталық алаңында алғашқы іс-шара өтті

Исламабадта Қ.А. Ясауи атындағы орталық алаңында алғашқы іс-шара өтті

18.02.2026 10:23:06 214

Исламабад, 2026 жылғы 17 ақпан - Белгілі болғандай, а.ж. 3–4 ақпанда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапары барысында Орталық Азиядағы Қ.А. Ясауи атындағы Ислам ойы, мәдениеті және өркениеті орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қ.А. Ясауи атындағы ғылыми-академиялық орталықтың қызметін жандандыру мақсатында а.ж. 17 ақпанда «Орталық Азиядағы сопылық институттарының тарихи шолуы» тақырыбында кеңейтілген ғылыми дәріс өткізілді.
Іс-шараға Исламабадтағы Халықаралық ислам университетінің Ислам зерттеулері институтының, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері, сондай-ақ Пәкістанның ғылыми қауымдастығының басқа да өкілдері қатысты.
Дәрісті профессор, доктор Александр Папас – Осман зерттеулері орталығының директоры және Франция Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығының (CNRS, Париж) ғылыми жетекшісі оқыды.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар ғылыми зерттеулер, білім беру бағдарламалары және академиялық алмасу салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1163931?lang=kk