Республикалық референдум өткізу туралы ақпараттық хабарлама

Республикалық референдум өткізу туралы ақпараттық хабарлама

18.02.2026 20:52:33 250

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2026 жылғы 15 наурызда (Лондон уақыты бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №408 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына қатысты республикалық референдум өтеді.

Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сізде республикалық референдумда дауыс беруге құқықтық негіз бар.

Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №408 сайлау учаскесінде дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, сондай-ақ Ирландия мен Исландия аумақтарындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта) consuluk@mfa.kz электрондық мекенжайына «Республикалық референдум» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда №408 сайлау учаскесінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: + 44 207 925-75-32

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1164719?lang=kk