Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар мен қазіргі заманғы қауіптер талқыланды
19.02.2026 11:36:36 130
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшысының орынбасары-Әдеп жөніндегі уәкіл Марат Бейсеновтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі саласындағы заңнамасын сақтау мәселелеріне, сондай-ақ ойынға тәуелділікті (лудомания, гемблинг) алдын алудың өзекті аспектілеріне арналған тақырыптық семинар өтті.
Іс-шараға Павлодар облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция капитаны Сүйіндік Қайырбаев, "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" ЖШС инспекторы Дәулет Закарьянов қатысты.
Марат Бейсенов өз сөзінде мемлекеттік кірістер органдарының тиімді жұмысы үшін қарастырылып отырған барлық мәселелердің – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, қызметтік этика, киберқауіпсіздік, экстремизм мен ойынға тәуелділіктің алдын алу қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар департаменттің және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының жеке құрамы үшін өткізілді.
Сүйіндік Қайырбаев сөз сөйлеуі барысында интернет және телефон арқылы алаяқтықтың кең таралған тәсілдеріне егжей - тегжейлі тоқталды. Мессенджер-алаяқтық схемалары, жалған инвестициялық жобалар, дропперлердің қызметі, сондай-ақ "Sim-box" типті құрылғыларды пайдалану қаралды. Қатысушыларға цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және киберқауіптерді алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Дәулет Закарьянов діни қызметті нормативтік-құқықтық реттеу, діни рәсімдер мен рәсімдерді өткізу тәртібі, діни әдебиеттер мен діни мақсаттағы заттарды тарату мәселелерін атап өтті. Интернет желісіндегі деструктивті әсерден қорғану әдістеріне және әлеуметтік желілердегі қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне ерекше назар аударды.
Іс-шара қорытындысы бойынша Марат Бейсенов барлық деңгейлерде әдеп стандарттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалардың сақталуын бақылауды күшейтуді, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің ережелерін қатаң орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, заңдылық қағидаттарын басшылыққа алу, мемлекеттік меншік пен қызметтік ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету, қызметтік уақытта да, қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау қажеттілігіне баса назар аударды.
Мұндай іс-шараларды өткізу құқықтық мәдениетті арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқыққа қайшы көріністерге тұрақты иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Павлодар облысы бойынша МКД-ның
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1165048?lang=kk