Шығыс Қазақстан облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне арналған техникалық оқытулар жалғасуда
19.02.2026 15:03:17 193
2026 жылғы 18 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері үшін техникалық оқыту өткізілді. Аталған іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған.
Оқу барысында келесі тақырыптарға ерекше назар аударылды:
- төлемдер мен салықтарды есепке алу және қайтару тәртібі;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық есептілік бойынша енгізілген өзгерістер;
- арнайы салық режимдері (АСР), салық салу режимін өзгерту, көшу мерзімдері;
- салық төлеушілердің жиі қойылатын сұрақтарына жауаптар.
Іс-шараның спикерлері ретінде Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының (МҚКБ) басшысы Гүлжан Салимбаева, Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова, сондай-ақ МҚКБ бөлімінің басшысы Людмила Агарина сөз сөйледі. Өз баяндамаларында олар өзекті мәселелерді жан-жақты түсіндіріп, салық төлеушілермен жұмыс істеуге қатысты практикалық ұсынымдар берді.
Мұндай техникалық оқытуларды тұрақты түрде өткізу азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, салық төлеушілермен ынтымақтастықты жақсартуға және Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1165247?lang=kk