KazAID және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы өзара іс- қимылдың жаңа форматтарын талқылады
19.02.2026 16:35:30 157
2026 жылғы 18 ақпанда KazAID Серіктестік және өңірлік жобалар департаменті директорының м.а. А.Түймебекованың БҰҰ еріктілер бағдарламасының (UNV) өкілдері - елдік үйлестірушісі Н. Шабаевпен және әріптестік жөніндегі маманы Н. Мамытова арасында Астана қаласындағы БҰҰ Үйінде жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу аясында тараптар дамуға ресми көмек жобаларына ұлттық және халықаралық еріктілерді тарта отырып, ынтымақтастықтың перспективті тетіктерін талқылады. Диалог барысында бірлескен бастамаларға бейінді сарапшыларды тарту мақсатында БҰҰ-ның цифрлық платформаларын пайдалану мәселелері де қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті тереңдетуге өзара мүдделілігін және Халықаралық еріктілер жылы шеңберінде бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1165404?lang=kk