Курчатов қаласында электрондық кезекке талондарды алдын ала брондау бойынша пилоттық жоба іске қосылады

Курчатов қаласында электрондық кезекке талондарды алдын ала брондау бойынша пилоттық жоба іске қосылады

19.02.2026 17:20:20 173

Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалы электрондық кезекке талондарды алдын ала брондау бойынша пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жоба 2026 жылғы 20 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жоба Абай облысы Курчатов қаласының халыққа қызмет көрсету бөлімінде жүзеге асырылады. Пилоттық жоба 20 ақпаннан басталып, үш ай бойы жалғасады.

Жаңа сервис азаматтарға келу күнін және уақытын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Ол үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын, электрондық үкімет порталын немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығын пайдалануға болады. Брондау жүргізілгеннен кейін өтініш берушіге растау туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

Сонымен қатар, дайын құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету секторының қызметтері бұрынғыдай алдын ала жазылусыз көрсетіле береді.

Айта кетейік, ерекше жағдайларда және алдын ала брондау мүмкін болмаған кезде қарт адамдарға, ҰОС ардагерлеріне, ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға, сондай-ақ шетел азаматтарына арналған бір жұмыс орны қарастырылған.

Еске сала кетейік, «ЦОН» мобильді қосымшасында қолжетімділік ЖСН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан өткеннен кейін беріледі (App Store және Google Play арқылы жүктеуге болады).

Пилоттық жобаны енгізу жаңа жүйенің ыңғайлылығы мен тиімділігін бағалауға, сондай-ақ қажет болған жағдайда функционалын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Пилоттық режим аясында алдын ала брондау жүйесінің сұранысқа ие болуы мен тиімділігі бағаланады. Талдау нәтижелері бойынша сервисті одан әрі енгізу және функционалын кеңейту мүмкіндігі туралы шешім қабылданады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1165454?lang=kk