Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үндістан Республикасына сапар жасады
19.02.2026 18:17:21 199
Нью-Дели, 2026 жылғы 18-19 ақпан - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үндістан Республикасына жұмыс сапары аясында Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модимен келіссөздер жүргізіп, «India AI Impact Summit 2026» халықаралық саммитіне қатысты.
Қазақстан Үкіметінің басшысы Үндістан тарапына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Өз кезегінде Үндістан Премьер-Министрі Қазақстан Президентіне ізгі тілегін жолдап, стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, энергетика, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Қазақстан Премьер-министрі шамамен 150 млн. АҚШ долларына бағаланатын бірқатар тауарлар бойынша экспорт көлемін ұлғайтуға дайын екенін білдірді. Сонымен қатар стратегиялық маңызды минералдар, сирек жер элементтері, ғарыш, қорғаныс өнеркәсібі, көлік-логистика және жоғары технологиялар бағыттарындағы ынтымақтастық әлеуеті атап өтілді.
Премьер-Министр О. Бектенов «India AI Impact Summit 2026» халықаралық саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстанның цифрлық даму саласындағы стратегиялық маңызды басмыдықтарымен таныстырды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы үш жыл ішінде толыққанды цифрлық экономиканың негіздерін қалыптастыру көзделгені және елді сапалы жаңа технологиялық даму деңгейіне көтеру атап өтілді.
Қазақстан ұлттық жасанды интеллект экожүйесін үнемі құрып жатқаны, оның ішінде цифрлық инфрақұрылым мен деректер орталықтарын дамыту, мемлекеттік басқару және негізгі экономикалық салаларда интеллектуалды шешімдерді енгізу, деректерге қолжетімділікті кеңейту, келесі буын мамандарын оқыту, ғылыми зерттеулер мен инновациялық компанияларды қолдау сияқты жұмыстар жүргізіліп жатқаны, сондай-ақ нормативтік базаны жетілдіру және жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз және жауапты енгізу үшін жағдайлар жасау жұмыстары жүргізіліп отырғаны туралы айтылды.
Сапар аясында Қазақстан Премьер-Министрі саммит алаңында ұйымдастырылған халықаралық технологиялық көрмесіне қатысты.
Сапар Қазақстан мен Үндістан арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін және тараптардың экономикалық ынтымақтастықты, технологиялық серіктестікті кеңейтуге және инновациялық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға өзара мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1165576?lang=kk