ЕКПА жаңа Конституция жобасының жаңашылдықтарымен таныстырылды
20.02.2026 08:07:08 186
Страсбург, 2026 жылғы 19 ақпан – Қазақстан Республикасының Страсбургтағы Бас консулы Анель Бақытбекқызы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) Хатшылығы комитеттерінің директоры Соня Сирторимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ЕКПА өкілі Қазақстандағы конституциялық реформаның барысы туралы жан-жақты хабардар етілді.
А.Бақытбекқызы еліміздегі ауқымды саяси жаңғырулардың негізгі кезеңдері жөнінде айтып, олардың тағдырлы маңызын атап өтті. Әсіресе, Негізгі заңды жүйелі түрде жаңарту, оны цифрлық трансформация жағдайындағы заманауи сын-қатерлер мен мемлекетті дамытудың стратегиялық міндеттеріне бейімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осылайша, жаңа Конституция жобасы құқық үстемдігіне, жария биліктің жауапкершілігіне және адам құқықтарының басымдығына негізделген заманауи, теңгерімді әрі құқықтық тұрғыдан орнықты мемлекет моделін қалыптастырады.
Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан мен ЕКПА арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы күн тәртібіндегі өзекті саяси мәселелері қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1165724?lang=kk