Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін дамыту бағытында кездесу өтті

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін дамыту бағытында кездесу өтті

20.02.2026 09:26:09 126

Бүгін «Руханият орталығы» ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың қатысуымен «Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті арқылы жергілікті қоғамдастықтардың қызметін дамыту» тақырыбында кездесу өтті.

Жиынға Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Ізден Анар Жарылқасынқызы, Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөлімінің» басшысы, Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы, Жалағаш және Сырдария аудандарынан келген қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы мен аудан аумағындағы үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен мүшелері қатысты.

Кездесуді Диас Асылбекұлы ашып, азаматтық қоғам институттарының жергілікті дамудағы маңыздылығына тоқталды. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың бастамалары, отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыру, 4-деңгейлі бюджет арқылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық дербестігін арттыру, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық жұмысын дамыту бағытында бірқатар мазмұнды баяндамалар жасалды.

Бүгінде Қармақшы ауданында 48 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Сонымен қатар, ардагерлер мен әйелдер кеңестерінің ауылдық жерлердегі 28 бастауыш ұйымы қоғамдық негізде жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге белсенді атсалысып келеді.

Кездесу қоғам мен билік арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, сындарлы диалог қалыптастыруға және ортақ міндеттерді бірлесе іске асыруға жол ашты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1165798?lang=kk