Венада өткен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясы аясында Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды

Венада өткен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясы аясында Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды

20.02.2026 19:01:08 207

Вена, 2026 жылғы 19 ақпан. Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының (ЕҚЫҰ ПА) қысқы сессиясы аясында ЕҚЫҰ ПА-ның Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Эвангелос Сиригоспен кездесті. Тараптар ЕҚЫҰ ПА аясында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.

Елші Тілеуберді ағымдағы жылдың 15 наурыз айында белгіленген Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша алдағы ұлттық референдум туралы хабардар етті. Ол жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін таныстырды және ұсынылған конституциялық реформа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәйекті саяси өзгерістерінің логикалық жалғасы болып табылатынын атап өтті. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңына енгізілген тұжырымдамалық түзетулер мемлекеттің адами бағдарлануын арттыруға, Қазақстан халқының қазіргі құндылықтары мен қағидаттарын көрсетуге және республиканың саяси институттарының тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Өз кезегінде, Арнайы өкіл Сиригос Қазақстан-Грекия парламенттік достық тобының тең төрағасы екенін атап өтіп, Қазақстанның конституциялық реформаларына қызығушылық танытты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1166575?lang=kk