Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Ембердиев Израильдегі Ресей Федерациясының Елшілігі ұйымдастырған «Діндер кездеседі, және олардың ең жоғары мақсаты – адам» атты діни конференцияға қатысты. Іс-шараға христиан (православ және католик), ислам, иудаизм конфессияларының өкілдері, сондай-ақ Израильдегі друз, суннит және ахмадий мұсылман қауымдастықтарының рухани көшбасшылары мен дипломатиялық корпус мүшелері қатысты.
Қазақстан Елшісі Мәскеу қаласының сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Черёминмен кездесу өткізіп, конфессияаралық диалогты дамыту, діни азшылықтардың құқықтарын қорғау және дәстүрлі діндер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Конференция аясында қазақстандық дипломат 2025 жылғы қыркүйекте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің қорытындылары және Съезге қатысушылардың барлығы бірауыздан қолдаған Астана бейбітшілік декларациясының негізгі ережелері туралы делегаттарды хабардар етті.
Сонымен қатар, Д.Ембердиев ресейлік православтық Спас ТВ телеарнасына сұхбат беріп, Қазақстанның конфессияаралық диалогты дамыту жөніндегі дәйекті шараларына тоқталды. Ол бұл бағыттағы мемлекеттік саясаттың ар-ождан бостандығын қамтамасыз етуге, төзімділікті қолдауға және түрлі діндер мен мәдениеттер өкілдері арасындағы келісімді сақтауға бағытталғанын атап өтті.