Польшаның ірі бизнесмендерінің бірі Шымкентте фармацевтикалық зауыт салады.

Польшаның ірі бизнесмендерінің бірі Шымкентте фармацевтикалық зауыт салады.

25.02.2026 09:56:14 236

Шымкентте «Химфарм» АҚ (сауда белгісі: Polpharma Santo) өндірісін кеңейту бойынша ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті инвестициялық келісімді бекітті.

Айта кету керек, жеке инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 40 миллиард теңгені құрайды. Жобаға жаңа өндіріс орындарын салу және өнім желісін қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары және жұқпалы ауруларды емдеуді қоса алғанда, 38 дәрі-дәрмекке дейін кеңейту кіреді.

Өндірістің бірінші кезеңін 2029 жылдың соңында іске қосу жоспарлануда. Инвестициялық жоба шамамен 300 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, бұл қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.

Польша тарапы сондай-ақ Шымкентте жаңа дәрілік өнімдерді әзірлеуге арналған ғылыми-зерттеу және сынақ орталығы мен заманауи зертханаларды қамтитын Сапа және инновация орталығын салуды көздеп отыр.

Зауыттың ашылуы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыратынын, импортқа тәуелділікті азайтатынын және Шымкенттің елдің негізгі фармацевтикалық орталықтарының бірі ретіндегі орнын нығайтатынын атап өткен жөн.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі