Қазақстан мен Индонезия сыртқы саяси диалогты нығайтуда

Қазақстан мен Индонезия сыртқы саяси диалогты нығайтуда

25.02.2026 15:56:22 114

Джакарта, 24 ақпан, 2026 жыл - 2026 жылғы 23-24 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Джакартаға жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында оның сыртқы істер Вице-министрі Анис Матта және Индонезия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық жөніндегі Бас директоры Три Тарьятпен кездесулері өтті.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Ерекше назар БҰҰ және Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, Палестина мәселесіне, әсіресе Бейбітшілік кеңесі мен Халықаралық тұрақтандыру күштеріне бірге қатысуды тұрғысынан, су проблематикасына, халықаралық бастамаларды өзара қолдау мәселелеріне аударылды.

Тараптар халықаралық күн тәртібінің аталған сұрақтары бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1169066?lang=kk