Қырғыз Республикасының салықтық резиденттігін растайтын құжатты беру форматы туралы
26.02.2026 17:12:15 255
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қырғыз Республикасының салықтық резиденттігін растайтын құжатты беру тәртібі туралы хабарлайды.
2025 жылдан бастап Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік салық қызметі салықтық резиденттік туралы құжатты негізінен электрондық форматта береді. Сонымен қатар құжатты қағаз жеткізгіште алу мүмкіндігі сақталады.
Электрондық құжатта QR-код бар, ол ресми ақпараттық ресурсқа өтуге және құжаттың орналастырылған нұсқасын тексеруге мүмкіндік береді.
Электрондық құжаттың түпнұсқалығын QR-код арқылы тексеру оның ресми ресурста орналастырылған бүкіл мерзімі ішінде қолжетімді, бұл мерзім 6 жылды құрайды.
Түпнұсқалығын тексеру мүмкіндігі болған жағдайда мұндай электрондық құжат халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында салықтық резиденттікті растау ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Салық төлеушілерге электрондық құжатты ұсыну кезінде оның жарамдылығын көзделген тексеру құралдарын пайдалана отырып тексеру ұсынылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1170368?lang=kk