Жыл қорытындылары және салықтық әкімшілендірудегі жаңа тәсілдер
26.02.2026 17:47:12 205
25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «2025 жылға арналған мемлекеттік кірістер жоспарының орындалуы және мемлекеттік қызмет көрсетулер мәселелері бойынша ШҚО бойынша МКД қызметінің қорытындылары. Салықтық тексерулер бөлігіндегі жаңашылдықтар және арнайы салық режимдеріне көшу» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылды.
Департамент басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне 2025 жылға арналған мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы, мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері, сондай-ақ салықтық тексерулер жүргізу және арнайы салық режимдерін қолдану бөлігіндегі салық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы ақпарат берді.
Департамент басшысының орынбасары Дінмұхамед Жұманов кедендік әкімшілендіру саласындағы жаңашылдықтар туралы баяндады. Ол өз сөзінде 2025 жылға арналған кедендік төлемдер мен салықтық түсімдер жоспарының орындалу қорытындыларын атап өтіп, валюталық және экспорттық бақылау, сондай-ақ ЕАЭО аясында ҚҚС әкімшілендіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Департамент өкілдерінің мәліметінше, есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, оларды көрсету мерзімдерін оңтайландыруға, сондай-ақ жұмыс процестеріне цифрлық шешімдерді енгізуге басымдық берілді. Қабылданған шаралар бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің уақтылы және толық түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Кездесу соңында Департамент өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап беріп, салық заңнамасының өзекті мәселелері бойынша түсіндірмелер берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1170376?lang=kk