Ауа-райына байланысты ахуал талқыланды
27.02.2026 10:06:21 288
Аудан әкімі Жандос Еркінбек қолайсыз ауа-райының салдарынан туындаған жағдайға байланысты шұғыл арнайы мәжіліс өткізді. Жиын барысында электр желілеріндегі ақаулар, жол қауіпсіздігі, көктайғақтың алдын алу мәселелері жан-жақты қаралды.
Мәжілісте жауапты сала басшылары атқарылып жатқан жұмыстар туралы атап өтіп, жолдарға тұз аралас құм себу және тазалық жұмыстарын күшейту бағытындағы шараларды талқылады.
Аудан әкімі тиісті басшыларға бірқатар тапсырмалар беріп, жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды және коммуналдық мекемелерге күшейтілген режимде жұмыс жасауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1170690?lang=kk