Медицина саласындағы салықтар бойынша дөңгелек үстел өтті
27.02.2026 11:42:20 223
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының есепшілерінің қатысуымен «Медицина саласындағы салықтар» тақырыбында семинар өтті.Шара барысында департаменттің басқарма басшысы Шынар Мусина медицина саласындағы салық заңнамасына енгізілген өзгерістермен таныстырды.Денсаулық сақтау саласына қосылған құн салығының (ҚҚС) төмендетілген ставкасы енгізіледі: 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10%. Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында, сондай-ақ орфандықжәне әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, дәрі-дәрмек және медициналық қызметтер ҚҚС төлеуден толығымен босатылады.Денсаулық сақтау мен білім беру үшін корпоративтік табыс салығының (КТС) мөлшерлемесі 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% құрайды.
Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізуде.
«Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.
Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.
Сонымен қатар қабылдау уақытында аудандық және қалалық басқармалар арасында бейнебайланыс пен телефон арқылы кеңес беру мүмкіндігі көзделген
Шара барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1170903?lang=kk