KazAID пен JICA бірлескен бастамаларды дамытуда
27.02.2026 17:48:38 2412026 жылғы 27 ақпанда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі өкілдерінің жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) сарапшыларымен кездесуі өтті. Жапон тарапынан кездесуге Қырғыз Республикасындағы JICA бизнес және ауыл шаруашылығын дамытуға жәрдемдесу жөніндегі басшысы Н. Кэнтаро мырза және Қазақстан Республикасындағы JICA сарапшысы У. Макико ханым қатысты.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың Жол картасын іске асыру аясындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады, сондай-ақ институционалдық әлеуетті арттыру мақсатында ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды. Алматы қаласында табиғи апаттар қаупін азайту саласында тәжірибе алмасуға және озық қазақстандық және жапондық тәжірибелерді енгізуге бағытталған бірлескен семинарды дайындауға ерекше назар аударылды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1171486?lang=kk