Саябақтар мен скверлерді күтіп-ұстау жұмыстары жаңа форматта жүргізілуде

Саябақтар мен скверлерді күтіп-ұстау жұмыстары жаңа форматта жүргізілуде

02.03.2026 19:33:35 228

Қостанай қаласында бүгінде 7 саябақ пен 9 сквер бар. Соңғы бір жылдың ішінде 5 жаңа қоғамдық кеңістік абаттандырылып, пайдалануға берілді.

Биыл өткізілген конкурс қорытындысы бойынша саябақтар мен скверлерді күтіп-ұстау жұмыстарын екі жергілікті компания жүзеге асыруда. Алғаш рет келісімшарттар 2 жыл мерзімге жасалды. Бұл формат жұмысты жүйелі жоспарлауға, қажетті техниканы алдын ала сатып алуға, мамандар құрамын қалыптастыруға және қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, күтіп-ұстау барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, қарды тазалау сапасы мен уақытылы орындалуына қатысты ескертулер бар. Мердігер ұйымдарға жұмысты күшейту және аумақтарды тиісті деңгейде күтіп-ұстауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Саябақтар мен скверлерде негізінен ұқыпты, қолмен тазалау тәсілі қолданылуы тиіс екеніне ерекше назар аударылды. Бұл тартан жабындысын, шағын сәулет нысандарын және жасыл желекті сақтау үшін маңызды. Техника абаттандыру элементтеріне зиян келтірмеуі қажет.

Басты мақсат — Қостанай тұрғындары үшін саябақтар мен скверлердің жыл он екі ай бойы жайлы әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1173123?lang=kk