Туристік сала өкілдерімен кездесу өтті
04.03.2026 18:37:38 222
Өскемен қаласында туристік сала өкілдерімен кездесу өтті
2026 жылғы 2 наурызда Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында өңірдің туристік сала өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара республикалық штаб мүшелері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды.
Кездесуді Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Сергеевич Рыпаков ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде Шығыс Қазақстанның еліміздің жетекші туристік өңірлерінің бірі ретіндегі стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ өңірде инфрақұрылымды дамыту, жол желісін жаңғырту және жаңа әуе бағыттарын ашу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Негізгі баяндама Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Ғалымқызы Балаева тарапынан жасалды. Өз сөзінде ол еліміздің одан әрі дамуы, стратегиялық маңызы бар шешімдерді қабылдауда қоғамның рөлі, сондай-ақ алдағы референдумға азаматтардың белсенді қатысуының маңызы жөнінде айтты.
Кездесу барысында сондай-ақ:
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі Лұқбек Шабданұлы Тұмашинов;
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Сергей Михайлович Пономарев;
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Сатыбалды Телағысұлы Дәулеталин;
«Еуразия» бірінші арнасының баспасөз хатшысы, журналист, блогер, эко-белсенді Полина Викторовна Шиманская сөз сөйледі.
Кездесу барысында туристік бизнес өкілдері, салалық ұйым басшылары мен өңір кәсіпкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салды. Спикерлер қатарында жеке кәсіпкерлер, білім беру ұйымдарының және сауықтыру туризмі нысандарының өкілдері болды.
Қатысушылар Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту өңірдің әлеуметтік-экономикалық саясатының маңызды бағыты екенін атап өтті. Негізгі назар заманауи сервистік инфрақұрылымды қалыптастыруға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және тұрақты қонақжайлылық индустриясын дамытуға бағытталған.
Кездесу қорытындысында ел дамуы үшін жауапты тарихи кезеңде қоғамның бірлігі мен белсенділігі аса маңызды екені атап өтілді.
Іс-шара ашық әрі конструктивті жағдайда өтіп, кәсіби қауымдастықтың ел мен өңірдің өзекті мәселелерін талқылауға жоғары деңгейде қатысуға дайын екенін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1173309?lang=kk