Туризм саласындағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері бойынша кеңес өтті.
04.03.2026 18:37:46 190
2026 жылғы 26 ақпанда туризм саласындағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың проблемалық мәселелерін қарау бойынша кеңес өтті.
Кездесу барысында туристік сала мен оған сабақтас бағыттардағы инвестициялық бастамаларды іске асыруға арналған мемлекеттік қолдау тетіктері мен жобаларды сүйемелдеу құралдары қаралды.
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселесі бойынша «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Жанатұлы Ғазизов баяндама жасады. Ол инвесторларды кешенді сүйемелдеу, инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру және жобаларды ұлттық әрі халықаралық деңгейде ілгерілету жөніндегі тәсілдерді таныстырды.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас менеджері Лейла Бахыт Катон-Қарағай өңірін дамыту мастер-жоспарын таныстырды. Құжатта инфрақұрылымдық және туристік жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру арқылы бәсекеге қабілетті туристік кластер қалыптастыру көзделген.
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ өңірлік директоры Нартай Болатұлы Бейсеков инвестициялық келісімшарттарды жасау тәртібі мен қолданыстағы заңнама аясында инвесторларға ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірді.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ аға банкирі Айнұр Дарибаева жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары және ірі жобаларды іске асыру үшін ұзақ мерзімді қаржы тарту мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
«Ертіс» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қанатбек Болатұлы Мирзабеков әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы инвесторлармен жұмыс істеу тетіктерін, соның ішінде бірлесіп қаржыландыру және жер учаскелерін ұсыну мәселелерін баяндады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Даму» қорының өңірлік филиалының директоры Айгүл Өмірзаққызы Қасымова кәсіпкерлерді қолдау құралдары, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру тетіктері туралы айтты.
Кеңес қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды одан әрі сүйемелдеу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөнінде нақты ұсыныстар әзірленді. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1173280?lang=kk