Қазақстан мен Damen Shipyards 30 жылдан астам ынтымақтастықты атап өтіп, жаңа жобаларды талқылады

Қазақстан мен Damen Shipyards 30 жылдан астам ынтымақтастықты атап өтіп, жаңа жобаларды талқылады

06.03.2026 13:52:42 249

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Ақан Рахметуллин Damen Shipyards Group компаниясының штаб-пәтеріне барды. Сапар барысында компания басшылығымен кездесу өтіп, онда Қазақстан мен Нидерландтың кеме жасау саласындағы қазіргі ынтымақтастығы және оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Кездесу барысында тараптар Damen компаниясының Қазақстандағы серіктестерімен соңғы 30 жылдан астам уақыт бойы табысты ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Бұл өз кезегінде еліміздің теңіз және кеме жасау әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Тараптар қалыптасқан ұзақ мерзімді серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, оны жаңа бірлескен бастамалар арқылы одан әрі нығайту мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.

Damen Shipyards Group компаниясы 1927 жылы құрылған және штаб-пәтері Горинхем қаласында орналасқан. Бүгінде ол Нидерландтағы және әлемдегі жетекші кеме жасау компанияларының бірі болып табылады. Компания бүкіл әлем бойынша верфьтер мен сервистік орталықтардың кең желісіне ие және әртүрлі кемелерді, соның ішінде жұмыс кемелерін, патрульдік кемелерді, жүк кемелерін, паромдарды, тереңдету кемелерін және әскери кемелерді жобалау, салу, қызмет көрсету және жөндеумен айналысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1176427?lang=kk