«Әлемнің жарығы» мерекелік концерті

«Әлемнің жарығы» мерекелік концерті

06.03.2026 16:02:36 115

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов  «Әлемнің жарығы» атауымен өткен мерекелік концертте аймағымыздағы әйелдер қауымын 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Сұлулық пен жылулықтың символына айналған әйел – отбасының берекесі, шаңырақтың тұтқасы. Ол – жан-жарының сенімді серігі, перзентінің мейірімді анасы, әулеттің ұйытқысы.

XXI ғасырда біздің қазақстандық әйелдер ғылымда, білімде, медицинада, мемлекеттік басқаруда, бизнесте, мәдениетте және халықаралық дипломатияда өздерін табысты көрсетіп келеді.

Қазіргі заманғы әйелдер жаңа мамандықтарды батыл меңгеруде. Олар еркін қоғамда өмір сүруді таңдап, лайықты өмір сүру деңгейіне ұмтылады. Дегенмен олар отбасының тірегі, жылулық пен адамгершілік құндылықтарының сақтаушысы ұғымынан алыстаған емес.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан адамға бағдарланған конституциялық реформа мемлекеттік саясаттың басым бағыттары ретінде әйелдерге жан-жақты жағдай жасауды, олардың құқықтарын қорғауды және отбасы институтын нығайтуды көздейді. Бүгінгі мейрам күні сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, құт-береке, көктемгі көңіл күй және жаңа жетістіктер тілеймін. Әр шаңырақта бейбітшілік, татулық пен қуаныш орнасын!», – деді аймақ басшысы құттықтау лебізінде.

Салтанатты шарада облыс әкімі өңірдегі еңбегімен еленген нәзік жандарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Жиын мерекелік концертке ұласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1176529?lang=kk