Аргентинада «Қазақстан - Аргентина» бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды

Аргентинада «Қазақстан - Аргентина» бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды

07.03.2026 08:52:12 231

Буэнос-Айрес, 2026 ж. 6 наурыз - Бразилиядағы Қазақстанның Елшісі Болат Нүсіпов, Аргентинаға сапары барысында ҚР Құрметті консулдығына барып, «Қазақстан - Аргентина» Сауда-өнеркәсіп палатасының ашылу салтанатына қатысты.

Елші өз құттықтау сөзінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тұстарын, қолайлы инвестициялық ахуалы мен шетелдік инвесторлар үшін үкіметтік қолдау шараларын атап өтті.

Сондай-ақ ол, жасанды интеллекттің маңызды рөл атқаруы арқылы экономиканы шикізатқа негізделген үлгіден технологиялық үлгіге көшуге мақсат қоятын конституциялық реформалар туралы айтып берді.

Б.Нүсіпов өз сөзінде екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы, ғарышты зерттеу мен ядролық энергетика саласындағы үлкен экономикалық әлеуетке тоқталып, Аргентинаның агроөнеркәсіп және мал шаруашылығы салаларындағы тәжірибесін атай отырып, бұл Қазақстан үшін өте пайдалы болатынын атап өтті.

Іс-шара соңында ҚР-дың Аргентинадағы Құрметті консулы Сантияго Делука, «Қазақстан ет одағының» төрағасы М.Бақтыбаев пен «Атамекен клубы» ЖШС директоры Ж.Сұлтанов арасында ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумдар екі елдің бизнес қауымдастықтарының жеке бастамасы ретінде жаңа институт – «Қазақстан-Аргентина» сауда-өнеркәсіп палатасын құрады.

Ү.ж. маусым айында екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанының 33 жылдығына орай және екіжақты Қазақстан-Аргентина ынтымақтастығын нығайту мен кеңейтуге қосқан үлесі үшін ҚР-дың Аргентинадағы Құрметті консулы Сантьяго Делука мырзаға Елшіліктің алғыс грамотасы табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1176908?lang=kk